Сәбіздің денсаулыққа пайдасы

«Денсаулық зор байлық» - 23

1942134
Сәбіздің денсаулыққа пайдасы

Сәбіз әсіресе А дәруменін толықтыру үшін маңызды болып табылады. Сондай-ақ құрамында С дәрумені, К дәрумені және Е дәрумені бар.

Көз денсаулығы

Сәбіздің ең белгілі пайдасы - көз денсаулығына қосқан үлесі. Жасқа байланысты пайда болған макулярлы дегенерацияның алдын алуда маңызды рөл атқарады. Бұл торлы қабық пен линзаны қорғау арқылы көздің денсаулығын жақсартады. Түнгі соқырлық және көру қабілетінің жоғалуы сияқты қауіптерге қарсы қолдау береді. А дәрумені тапшылығы балалардағы соқырлықтың негізгі себептерінің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаштың өсуіне ықпал етеді 

Сәбізде шаштың денсаулығын жақсартатын А, С дәрумендері, калий және антиоксиданттар бар. Сәбізді тұтыну шашты әдемілеуде тиімді. 

Иммундық жүйе 

А дәрумені иммундық жүйені нығайтуда маңызды. Өйткені А дәрумені иммунитетті арттыратын лейкоциттердің (қанның ақ түйіршіктері) жасушаларын қолдайды. С дәрумені иммундық жүйені нығайтады және емдеуді тездетеді.

Тері денсаулығы 

Сәбіздің теріге пайдасы оның бета-каротин қасиеттеріне байланысты. Бета-каротин теріні күн сәулесінен қорғайды. Безеу, экзема және бөртпе секілді тері ауруларын емдеуде көмекші бір рөл атқарады. Құрамындағы каротинның арқасында терідегі жаралар мен дақ емдеуге көмектеседі.

Ми денсаулығы

Сәбізде кездесетін кейбір заттар мидың денсаулығын сақтау үшін маңызды. Сәбіз есте сақтау қабілетін сақтайды. 

Жүрек денсаулығы 

Жүрек-тамыр аурулары және гипертонияға қарсы қорғаушы бір рөл атқаратын сәбіз холестеринді төмендетуде де тиімді болып табылады. Сәбіздегі калий ағзадағы артық натрийден арылуға көмектеседі.

Асқорыту жүйесі

Сәбіз талшықты құрылымымен ішектегі пайдалы бактерияларды қоректендіреді. Сәбіз талшық пен каротинге бай көкөніс ретінде ас қорыту денсаулығы үшін маңызды. Ішек қатерлі ісігінен қорғайтын талшықтар ішектің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету арқылы ішек денсаулығын жақсартады. Шикі сәбіздің пайдасы осы кезде тым көп көрінеді. Өйткені піскен сәбіз аз мөлшерде болса шикі сәбізге қарағанда талшық жоғалтады. Өт қабы мен бауыр ферменттерін реттеуде өте тиімді.

 

Қандағы қант

Сәбіз басқа көкөністермен салыстырғанда жоғары қант мөлшерімен танымал. Дегенмен сәбіз қант диабетіне де пайдалы. Сәбізді пайдалы тағам ретінде таңдауға болады. Тіпті шикі немесе аз пісірілген сәбіз көп піскен сәбізге қарағанда одан аз қауіпті. Қандағы қантты реттеу үшін маңызды. Сондай-ақ қант диабетіне қарсы жақсы алдын-алу болып табылады. Сонымен қатар талшыққа бай диета қант диабетіне қарсы жақсы алдын-алу болып табылады. 

Салмақты бақылау

Калориясы төмен, талшықтары мен су мөлшері жоғары сәбіз сияқты көкөністер қанықтыру сезімін беруде өте табысты. Сәбіздің құрылымы, талшығы мен суының арқасында «тез тойдым» деп ойлайсыз.

Қабыну

Әсіресе Альцгеймер, артрит және жүрек денсаулығына байланысты созылмалы ауруларда қабынумен күрес маңызды болып табылады.

Қатерлі ісікке қарсы

Антиоксидантқа бай сәбіз еркін радикалдармен күресуде тиімді болып саналады.

Жүктілік

Жүктілік кезіндегі сәбіздің пайдасы назар аударады. Өйткені сәбізде күшті бета-каротин мен витаминдер бар. Кальций тұрғысынан да жүкті әйелдер үшін сәбізді тұтыну маңызды. Сәбіз ананың да, баланың да иммунитеті үшін қажетті тағам болып табылады. Жүктілік кезінде сәбіздің пайдасы көбінесе сәбіз шырынымен бірге түсіндіріледі. Дегенмен сәбіздің тек шырынын ғана емес, өзін де әрқашан тұтыну керек. Жүктілік кезінде өте қажет А дәруменінің бір бөлігін сәбізден қабылдауға болады. Бұл әрі инфекциямен күрес, әрі сүттің сапасын арттыруға жақсы.

Сондай-ақ жүктілік кезінде кездесетін қандағы қантты қалпына келтіру және қант диабетінің алдын алуда сәбіз үлкен рөл атқарады. Сәбіздегі фосфор сонымен қатар жүктілік кезінде құрысулардың алдын алып, бұлшықеттердің дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Жүктілік кезінде жиі кездесетін іш қату шағымдарын жеңілдету үшін талшыққа бай сәбізді тұтынуға болады.

 

 

Сәбізді қалай тұтынуға болады?

Күніне 1 немесе 2 орташа сәбізді тұтыну жеткілікті және пайдалы.  

Сәбіз – пісірген кезде тағамдық құндылығы өзгеретін көкөніс. Шикі сәбізде С дәрумені, пісірілген сәбізде бета-каротин көп болып табылады. Екінші жағынан сәбіздегі А дәрумені майда еритін дәрумен болғандықтан, жеңіл пісіру кезінде одан көбірек көрінеді. 

Егер сіз салмақ жоғалтқыңыз келсе, шикі сәбізді таңдаңыз. Өйткені сәбіз піскен кезде су мен талшықты жоғалтады.

Сәбізді пісіргіңіз келсе, қуыру немесе қайнатудың орнына бумен пісіруді таңдаңыз. Осылайша витаминдер мен минералдарды көбірек сақтайсыз. Сәбізді тұтынудың ең пайдалы жолы – шикілей жеу және бумен пісіру. 

Дайындаған: Дәрігер Мехмет Учар.



Ұқсас жаңалықтар