Аскөктің жан-жақты пайдалары

«Денсаулық зор байлық» - 27

1955101
Аскөктің жан-жақты пайдалары

Аскөк - дәрумендер мен минералдарға бай шөптесін өсімдік. “А”, “В1”, “В6”, “С”, “Д” және “Е” дәрумендері тұрғысынан мықты деп айтуға болады. Аскөктің пайдасы қосылыстар, сондай-ақ дәрумендерден келеді. 

Аскөктің пайдалары 

Қандағы қантты реттейді  

Аскөк тұтыну инсулин түзу белсендіреді. Қандағы глюкозаның кенеттен көтерілуіне жол бермейді. Зерттеулер аскөктің қант диабетін емдеуде де, оның алдын алуда да маңызды орын алатынын көрсетті. 

Жүрек денсаулығын қорғайды  

Жүрек денсаулығын сақтауда және инсульт қаупін азайтуда маңызды рөл атқарады. Шектеулі зерттеулер аскөк жаман холестеринге керемет әсер ететінін көрсетті. Холестеринді төмендету жүрек денсаулығын қорғаудың негізгі шараларының бірі болып табылады. 

Сүйектерді күшейтеді 

Аскөкті тұтынғанда кальцийдің сіңу процесі артады. Сүйек остеопорозы (сүйек жоғалуы) сияқты созылмалы аурулардың алдын алуға көмектеседі. 

Инфекцияның алдын алады 

Антиоксидант пен С дәрумені құрамы көне заманнан бері аскөктің микробтармен күресу және ағзаны инфекциядан қорғау үшін күшейтеді. 

Аскөк жапырағы микробтарды денеден алыстата отырып, жараларды емдеуде маңызды рөл атқарады. Жөтел, суық тию, әлсіздік, шаршау сияқты мәселелерге қарсы жалпы жанданып, қалпына келтіруге көмектеседі.

Иммунитетті көтереді 

Аскөк иммундық жүйені күшейтеді. Иммунитет күшейген кезде ағзаның микробтармен күресу қабілеті артады. Аскөк инфекциялардың алдын алуда өте тиімді және бактерия, вирус пен саңырауқұлаққа қарсы ерекшеліктер көрсетеді.

Ас қорытуды қолдайды 

Салауатты ас қорытуда маңызды бір рөл атқаратын аскөк карминативті ретінде белгілі. Ісіну, іштің кебуі сияқты асқазан және ас қорыту проблемаларының алдын алуға көмектеседі. 

Талшықты құрылымы аскөктің пайдасы ретінде қарастырылады. Өйткені аскөк құрамындағы диета талшықтары ішек қозғалысын ынталандыру арқылы іш қатудан сақтайды. 

Сонымен қатар аскөктің қышқылға қарсы қасиеті асқазанда артық қышқылдың пайда болуына жол бермейді. Мұндай тағамдар жақсы қорытылады және ас қорыту, ойық жара, гастрит сияқты ауруларды емдеуге көмектеседі. 

Аскөк ас қорыту бұзылған және микроб тудырған іш өту жағдайында да көмектеседі. 

Ауырсынуды жеңілдетуі мүмкін 

Қабынуға қарсы және ауырсынуды басады деп есептеледі. Әсіресе буын қабынуы мен буын ауруы кезінде тиімді болатын аскөк қабынуға қарсы емдеуді де қолдауы мүмкін. Бұлшықет спазмы мен бұлшықет ауырсынуын жеңілдету үшін диетаға аскөк қосуға болады. Сондай-ақ әйелдердің етеккір ауруы үшін тиімді екендігі зерттеулермен дәлелденген.

Тыныс алуды жеңілдетуі мүмкін 

Аскөк тыныс алу жолдары проблемалары бар адамдар үшін маңызды. Суық тию, жөтел, тамақ ауруы, тұмау сияқты мәселелерге қарсы маңызды рөл атқарады. Өкпеде, кеудеде және мұрын қуысында қақырық бөлшектерін жұқартып, қопсытады. Осылайша тыныс алуды жеңілдетеді. Бронхит және астма сияқты аурулардың емделу процесін жылдамдатуға көмектеседі. 

Балғын тыныс береді 

Аскөк дәндерінің пайдасын тыныс алу арқылы сезінуге болады. Аскөк тұқымдары мен жапырақтары тыныс алу тазартқыштары ретінде белгілі. Аскөк құрамындағы эфир майлары ауыз қуысының инфекциясын жеңілдетуге көмектеседі, сонымен қатар еркін радикалдардың тіс еті мен тістерге келтірген зиянын азайтады.

Аскөк ұйқыға көмектеседі 

Аскөк жапырақтарындағы белсенді ингредиенттер мен В тобындағы витаминдердің арқасында ұйқысыздыққа қарсы тиімді болуы мүмкін. Күнделікті рационыңызда тұтынатын аскөк ағзадағы белгілі бір гормондар мен ферменттердің секрециясын белсендіру арқылы тыныштандыратын әсер береді. Сондай-ақ стресс гормондарының деңгейін де төмендетуге көмектеседі. Стресс деңгейінің төмендеуімен тыныш және сапалы ұйықтай аласыз. Сондай-ақ аскөктің депрессияға қарсы әсері бар екені белгілі.

Аскөк салмақ тастауға көмектеседі 

100 грамм таза аскөк шамамен 43 калорияны құрайды. Көмір сулардың мөлшері аз болғандықтан салмақ тастау үшін диеталарыңызда пайдалы рөл атқара алады. 

Аскөкті қалай тұтынуға болады? 

Жаңа кесілген аскөкті салаттар мен тағамдарға қосуға болады. Аскөк салаты ретінде майдалап туралған аскөкті ақжелкен және жалбыз сияқты шөптермен араластыруға болады. Оны көп лимон және аздап зәйтүн майымен тәттілеуге болады. 

Аскөкті қияр туралған айранға қосуға, пісірілген балық тағамдарында қолдануға болады. Пісірген картоп сияқты түбір көкөністерге дәмдеуіш ретінде пайдалана аласыз.

Сондай-ақ сорпалар мен соустарды аскөкпен дәмдеуге болады. Аскөк тұқымын дәмдеуіш ретінде пайдалана аласыз немесе қаласаңыз, оларды тұздалған қиярға қосуға болады. Дәндерімен аскөк шайы дайындауға болады. 

Егер сіз кептірілген аскөкті қолданғыңыз келсе, оны шөп дәріханасынан сатып алу керек. Бірақ есіңізде болсын, кептірілген аскөктің таза аскөкке қарағанда дәмі ащылау және күшті болады. Сондықтан дұрыс мөлшерді пайдалану керек.

Аскөкті қалай сақтауға болады?

Жапырақтары сары емес, қою жасыл түсті аскөк шоғырын алыңыз. Содан кейін оны қағаз сүлгімен еркін орап, тоңазытқышта ауа өткізбейтін қапшыққа сақтаңыз. Аскөкті осылайша 2-3 күн бойы таза сақтай аласыз. 

Кептірілген аскөк тазасына қарағанда ұзақ сақтауға болады. Сондай-ақ аскөкті алған бойда жуып, кептіріп, тез мұздатуға болады. Мұздатқышқа салмас бұрын, оны ауа өткізбейтін қапшыққа салыңыз.

Дайындаған: дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар