Лумбаго (төменгі арқа ауруы) үшін ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 33

1975402
Лумбаго (төменгі арқа ауруы) үшін ұсыныстар

Бүгінгі тақырыбымыз Лумбаго (төменгі арқа ауруы) үшін ұсыныстар.

Лумбаго - арқа ауруы (төменгі арқа ауруы) деп аталады. Төменгі арқа ауруы - ең жиі кездесетін шағымдардың бірі. Төменгі арқадағы ауырсыну біздің денемізді дұрыс пайдаланбау немесе оны тым шаршатудан туындауы мүмкін.

Төменгі арқа ауруы үшін ұсыныстар:

Артық салмақ көтеру қауіпті.

Ауыр затты дұрыс көтермеу арқаның төменгі бөлігін зақымдауы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше ауыр зат көтеруден аулақ болыңыз.

Егер мұны істеу керек болса, арқаңызды тік ұстап, беліңізді оңға, солға немесе алға бүкпеңіз. Әрі ауыр жүк көтергенде, әрі тасыған кезде ауқымды бір тірек болуын қамтамасыз ету үшін аяқтарыңызды алшақ жайыңыз және жүкті мүмкіндігінше денеңізге жақын ұстаңыз.

Сіздің төсегіңіз ортопедиялық болуы керек.

Төсекті дұрыс таңдау арқадағы ауырсынуды болдырмау үшін өте маңызды. Төсек сапалы ұйқыны қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар таңертең арқа ауруымен оянудан сақтайды. Осы себепті арқа ауруы үшін төсек сатып алғанда, ортопедиялық материалды таңдауға назар аударыңыз.

Жерден бірдеңені иіліп алғанда абай болыңыз.

Төменгі арқадағы ауырсынудың себептері арасында қате иілу де бар. Егер жерге иіліп зат алатын болсаңыз, беліңізді емес, тізеңізді бүгіңіз. Осылайша беліңіз қорғалады, өйткені жүктің салмағы аяғыңызға бөлінеді.

Эргономика.

Жұмыс аймағы омыртқаның денсаулығын қорғау үшін эргономикалық түрде жасалған болуы керек. Осылайша адамға компьютер мониторын көру немесе тінтуірді пайдалану үшін алға еңкейіп немесе еңкейіп отырудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар төменгі арқаны қолдайтын және аяқтың жерге мықтап тұруына мүмкіндік беретін үстел мен орындықты пайдаланған жөн.

Жұмысыңызға байланысты немесе басқа себептермен ұзақ тұруға тура келсе, демалып отыруды назардан тыс қалдырмаңыз.

Егер сіз отырып жұмыс істесеңіз, орындықтың жоғары және қатты реттелетін арқалығы бар екеніне көз жеткізіңіз. Отырған кезде орындықтың арқасын және арқаңызды қолдауды ұмытпаңыз. Әрқашан отыру күйіңізді тік күйде реттеңіз. Компьютерді пайдаланған кезде экранның көз деңгейінде болуына назар аудару керек. Қажет болса, аяқтағыңыздың астына орындық қойыңыз.

Артық салмақтан сақ болыңыз.

Қаншалықты бой, дене құрылымы және салмақ пен төменгі арқа ауруы арасында тікелей бір байланыс болмаса да, арқа ауырсынуы артық салмақты және ұзын адамдарда жиі кездеседі.

Сондықтан ауырсынуды болдырмау үшін артық салмақты тастау керек. Егер сіз бұл мәселені өз бетіңізше шеше алмасаңыз, маманның көмегіне жүгіне аласыз.

Көлікте саяхаттаған кезде үзіліс жасаңыз.

Көлікте өткізілген ұзақ уақыт және ұзақ сапарлар себепті автокөлік жүргізуге мәжбүр болған кезде жиі кездеседі. Бұған жол бермеу үшін төмен арқаңызды қолдауды қадағалаңыз және әр 2 сағат сайын аялдап, үзіліс жасаңыз.

Қысқа өкшелі аяқ киім пайдаланыңыз.

Биік өкшелі аяқ киім пайдалану, әсіресе әйелдерде бел ауруының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Өйткені салмақ түсетін нүктенің өзгеруіне және белдің созылуына себеп болатындықтан биік өкшелі аяқ киім қиюден аулақ болыңыз. Киюді таңдайтын болсаңыз, ауырсынуды сезінген кезде өзгерту үшін әрқашан қысқа өкшелі киімді өзіңізбен бірге алып жүріңіз. 2,5 сантиметрден төмен өкшесі бар аяқ киімдер таңдаған жөн.

Арқа бұлшықеттеріңізді жаттығулар арқылы күшейтіңіз.

Физикалық күйіңізге сәйкес жаттығу әдісін таңдау және оны жүйелі түрде жасау арқа бұлшықеттерін күшейтеді, тұруыңызды реттейді. Тұрақты жаттығулар салмақ жоғалтуға да көмектесетіндіктен, ол сонымен қатар бел ауруын тудыратын маңызды факторлардың бірі болып табылатын артық салмақтың алдын алады.

Беліңізді тым шаршатпай қысқа қашықтықтарға серуендеу, жүзу, велосипедпен жүру және созылу жаттығулары арқаның ауырсынуын кетіруге әсер етеді.

Физиотерапевт ұсынған арқа жаттығулары бел аймағындағы бұлшықеттерді күшейту арқылы ауырсынуды жеңілдетуге көмектеседі.

Ыстық және суық компресс жасау.

Төменгі арқаның кернеуіне байланысты бел ауруы үшін жарақат алған соң зақымданған жерге дереу мұз басу пайдалы. Ауырған жерге орамалмен оралған мұзды қолданғанда, жарақат себепті жедел қабыну регрессияға ұшырайды.

Суық сонымен қатар кенеттен және қарқынды төменгі арқадағы ауырсынуды жеңілдетеді. Пайдаланған кезде теріні қатып қалудан қорғау үшін мұзды сүлгімен немесе шүберекпен орау арқылы қолдану керек. Бір жолда 20 минуттан аспайтындай қолдану ұсынылады.

Алғашқы 48 сағатты құрайтын өткір кезеңде суық, содан кейінгі кезеңде болса ыстық компресс жасау ең дұрыс әдіс болып табылады. Теріні күйдірмей температураны дұрыстау керек.

Ауа кондиционері және желді ортадан аулақ болу арқадағы ауырсынуды жеңілдету үшін жасалуға тиіс нәрселердің бірі болып табылады.

Дегенмен арқаның ауырсынуы демалған кезде басылмаса, қозғалғанда шектен тыс шектеуді тудырса және аяққа тарап, аяқтарда ұю мен қышынуды тудырса, ортопедке дереу барып тексерілген дұрыс болар.

Дайындаған: Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар