Желденумен ауыратын балаларды емізетін аналарға кеңестер

«Денсаулық зор байлық» - 45

2008741
Желденумен ауыратын балаларды емізетін аналарға кеңестер

Іш желденумен ауыратын нәрестелерді емізетін аналарға дұрыс тамақтану туралы кеңестер.

 

Емшектегі нәрестелерде тағамдарға сезімталдық және іш желденуі

Кейбір аналар сүт өнімдері, брокколи, қырыққабат, банан, жұмыртқа немесе сарымсақ сияқты тағамдарды жегеннен кейін нәрестелерінің келесі 24 сағатқа дейін іш желденуімен ауыратынын және ашулы болғандарын айтады.

Балаңызда белгілі тағамдардан бас тартқан кезде желдену және колик сияқты белгілердің жақсаратынын байқайсыз.

Нәрестелердің одан үлкен балалар мен ересектерге қарағанда көбірек желі болады және бұл қалыпты жағдай. Олар ауаны көбірек жұтады.

Егер емшек сүтімен қоректенетін балаңыз желденуімен мазасызданбаса, диетаңызды реттеудің қажеті жоқ. Жалпы бала емізетін аналар әртүрлі тағамдарды еш қиындықсыз жей алады. Емізу кезінде аулақ болу қажетті (немесе шектеу) ең басты тағамдар арасында әсіресе құрамында сынабы жоғары балықтар, кейбір шөптер, сүт өнімдері, кофеин және шоколад келеді.

Емізетін ананың желденуі бар нәрестеге арналған диетасы

Егер ата-ана мен нәрестенің отбасылық аллергия белгісі анықталса, міндетті түрде сиыр сүті аллергиясынан бастап, тамақ аллергиясын есте сақтау керек.

Осыған қоса егер диагноз сиыр сүтіне аллергия болса және нәресте балаларға арнап әзірленген дайын тамақпен коректенсе, міндетті түрде амин қышқылына негізделген пептидті тағамдарды ауыстыру керек. Айта кету керек, балаларға жасалған тағамдар да сиыр сүтінің ақуызына негізделген.

Ауырсынулы желдену бар емшекте баласы болған аналар бір немесе екі апта бойы сүт пен сүт өнімдерін диеталарынан алып тастауға тырысуы мүмкін.

 

Ұсыныстар:

• Күніне кемінде үш мезгіл тамақ ішу керек. Тағамның мезгілін өткізіп алмауға тырысыңыз.

• Құрамында кофеин бар тағамдар мен сусындарды шектеңіз. Мысалы шоколад, кофе, шай және газдалған сусындар.

• Суды көп ішіңіз. Шөлдесеңіз, демек жеткілікті мөлшерде ішпейсіз.

• Жасанды тәттілендіргіштерді қолдансаңыз, оларды азайтыңыз. Немесе қолданбаңыз.

• Жүктілік кезінде артық салмақ болса, баяу тастауға тырысыңыз және калориялық шектеулерден бас тартыңыз.

 

Емшектегі балаларда желденуге себеп болатын тағамдар

Бала емізетін анада және нәрестеде желденуді тудыратын тағамдар бар. Олар:

• Талшық: Кебек, бұршақ және кебегі бар дәндер сияқты тағамдар.

• Жемістер: Цитрус, банан, алма, шабдалы, алмұрт, таза өрік, кептірілген өрік және кептірілген жемістер

• Көкөністер: Брокколи, гүлді қырыққабат, қырыққабат және Брюссель қырыққабаты.

• Сарымсақ және дәмдеуішті тағамдар: Макарон тағамдары немесе сарымсақпен пісірілген нан сияқты сарымсақ қосылған тағамдар.

• Сүт және сүт өнімдері: Сүт, ірімшік, йогурт, пуддинг, балмұздақ, сүт өнімдері, казеин, сарысу немесе құрамында натрий казеинаты бар кез-келген дайын тағамдар.

• Газдалған сусындар.

• Жұмыртқа, бидай, жержаңғақ, Қытайбұршақ, балық және ағаш жемістеріне қоса, басқа ықтимал аллергендік тағамдар желдену және басқа белгілерді тудыруы мүмкін.

 

Жою (элиминациондық) диетасы

Анаға тәжірибе және кезең-кезеңімен шүбәлі кейбір тағамдарды диетаны шектеу арқылы беріп, алған нәтижемен диагноз қоюға болады. Емдік қоректік заттарды ананың диетасынан алып тастау. Диета және нәрестенің желдену мәселесі туралы жазып алыңыз. Содан кейін не болып жатқанын көру үшін екі-үш апта ішінде бір рет реакция тудыратын тағамды алып тастаңыз. Балаңыз бұл тағамға сезімтал болса, бір аптаның ішінде жақсарғанын байқау керексіз (Нағыз тағамдық аллергиясы бар нәрестелерге олардың белгілері жойылуы үшін кемінде бір ай қажет). Бір аптадан кейін нәрестенің қалай реакция көрсететінін көру үшін тағамды қайталап көріңіз.

 

Емшектегі балаларда тағамдық аллергиялар

Емшектегі балалардың 2-3%-і ана сүтіндегі бір тағамға, әсіресе сиыр сүті аллергиясына қарсы шынайы аллергиялық реакцияны көрсетеді.

Бала емізетін ананың диетасында жұмыртқа, бидай, балық, жержаңғақ және жаңғақтың түрлері сияқты басқа аллергендік тағамдар нәрестелерде аллергиялық реакция тудыруы мүмкін, бірақ сапалы дәлелдер сонша көп емес.

Коректік аллергиясы бар нәрестелерде әсіресе тек желдену емес, тамақ ішкеннен бірнеше сағат кейін ауыр колик, тері бөртпелері, құсу, диарея немесе тыныс алу қиындықтары да көрінеді. Балаңызда осы белгілердің кез-келгенін байқаған кезде ауыр тағамдық аллергия өмірге қауіп төндіретіндіктен дереу дәрігерге хабарласыңыз.

· Сирек жағдайда емшектегі бір нәресте анасы жейтін тағамдарға қарсы аллергиялық симптом көрсетуі мүмкін. Ең жиі кездесетін белгісі жасыл, шырыш тәрізді және қан дақты нәжіс болып табылады.

· Аллергия тудыратын ең көп таралған тағамдар - сүт өнімдері, соя өнімдері, бидай және жұмыртқа. Аллергия тудыратын аз таралған тағамдарға балық, жержаңғақ, жаңғақтың түрлері немесе жүгері жатады. Бір бала кез-келген тағамға аллергиялық реакция көрсетуі мүмкін.

· Балаңыз салмақ қосып, қан аздығы болмаса, аллергия ұзақ уақыт бойы қиындық тудырмайды. Емізуді тоқтатудың қажеті жоқ.

· Барлық тағамдық жапсырмаларды мұқият оқып, күдік тудыратын тағамдарды диетаңыздан алып тастау мәселені шешеді, бірақ нәрестенің белгілерінің жақсаруы үшін 4-6 апта қажет болуы мүмкін. Тағамдық аллергия тақырыбында тәжірибелі дәрігерге немесе диетологқа бару диетаңызды жоспарлауға көмектеседі. Келесі кездескенше сау болыңыздар.

Дайындаған: Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар