Қытайбұршақтың денсаулыққа пайдалары

«Денсаулық зор байлық» - 46

2012063
Қытайбұршақтың денсаулыққа пайдалары

Қытайбұршақ жоғары сапалы бір ақуыз болып табылады. Күніне бір немесе екі порция қытайбұршақ өнімі денсаулығымызға өте пайдалы. Қытайбұршақ жүрек-қан тамырлары аурулары, инсульт және кейбір қатерлі ісіктерге қоса, бірқатар денсаулық проблемаларының қаупін азайтып, сүйек денсаулығын жақсартады.

Қытайбұршақтың денсаулыққа пайдалары

1.    Қант диабетінен қорғайды

Талшық пен ақуыздың жақсы көзі ретінде салмақтың дұрыс өсуіне ықпал ететін қоректік зат жоғары май мөлшеріне қарамастан холестеринсіз қант диабетін басқаруға көмектеседі.

Қытайбұршақ жеу - қант диабетін басқарудың және алдын алудың тиімді әдісі. Бірнеше зерттеуге қарағанда, қытайбұршақ ағзадағы инсулин рецепторларын арттыру қабілеті бар. Ол бірінші кезекте қант диабетінің пайда болуына жол бермейді немесе сізде қант диабеті бар болса, ауруды тиімді басқаруға көмектеседі. Сонымен қатар қытайбұршақтағы көмірсулардың мөлшері өте төмен.

2.   Қытайбұршақ анемияда тиімді

Темір мен мыс - қытайбұршақта көп кездесетін екі маңызды минерал. Екі компонент те қызыл қан жасушаларын өндіру үшін өте маңызды.

3.    Жүрек-тамыр ауруларынан қорғайды

Қытайбұршаққа бай диета инсульт пен жүректің ишемиялық ауруынан қорғайды. Қытайбұршақтың жүрек ауруының белгілі қауіп факторлары болып табылатын жалпы холестерин және жаман холестерин деңгейін төмендеткені көрсетілген.

Қан қысымын төмендетеді. Ол қан тамырларының жұмысын жақсартады (мысалы артерия қабырғаларының одан көп икемділігі сияқты).

4.    Қытайбұршақ және менапоуза

Қытайбұршақ құрамындағы белсенді ингредиенттерге байланысты менопауза белгілерін (қызба және т.б.) азайта алады деп болжалады.

5.      Қатерлі ісіктерді емдеуде қолданылады

Құрамындағы антиоксиданттармен бос радикалдарды залалсыздандырған қоректік зат қатерлі ісік ауруының басталуын баяулатады және қатерлі ісік ауруын емдеу процесінде қолдануға пайдалы қоректік зат болып табылады.

Ескерту: Егер сүт безі қатерлі ісігі қаупіңіз жоғары болса немесе бұрын сүт безінен емделсеңіз, жоғары өңделген қытайбұршақ қоспаларын қабылдамаңыз. Қытайбұршақ тағамдарын жеткілікті мөлшерде қабылдаған жөн.

6.      Ұйқының сапасын жақсартады

Метаболизмді реттеу арқылы ұйқы проблемаларына жақсы екені белгілі қытайбұршақтың құрамындағы жоғары мөлшердегі магний ұйқының сапасын арттырады.

Қытайбұршақ ұйқыңыздың сапасын, демалу мерзімін ұзартады.

Тағы бір зерттеуге қарағанда қытайбұршақта менопаузадан кейінгі әйелдерге сапалы ұйқыға көмектесетін эстрогенге ұқсас қосылыстар да бар.

7.      Салауатты ас қорытуға көмектеседі

Диеталық талшықтар қытайбұршақта көп мөлшерде кездеседі. Диеталық талшық бүкіл ағзаның жұмыс істеуі үшін қажетті және ас қорыту жүйесінде маңызды рөл атқарады. Талшықтың көзі ретінде ас қорытуды тездететін коректік зат  іш қату сияқты жағдайларға қарсы табиғи бір дәрі болып табылады. Ас қорыту жүйесін босаңсытып, тітіркенген ішек синдромына жақсы әсер етеді және дене теңгерімін сақтауға көмектеседі.

8.      Әжімдердің алдын алады

Терідегі дақтардан әжімдерге дейін көптеген тері мәселелерін шешуге көмектеседі. Соя майы теріге жағылу арқылы дақтардың және әжімдердің алдын алуға көмектеседі.

Қытайбұршақтың теріге пайдасы әсіресе әйелдердің назарын аударады. Қытайбұршақ майын теріге жағу дақтар мен  әжімдердің алдын алуға көмектеседі.

9.      Салауатты сүйектер үшін қытайбұршақ

Қытайбұршақ жоғары минерал және дәрумен құрамына ие. Қытайбұршағындағы белсенді мырыш, селен, мыс, магний және кальцийдің деңгейі сүйектердің одан күшті және салауатты қалуына көмектеседі.

Қытайбұршақтағы осы элементтердің барлығы жаңа сүйектердің өсуіне мүмкіндік беріп, остеотропты белсенділікті қолдауға көмектеседі.

Дегенмен сүйектеріңіздің мықты болуын және кез-келген бір аурудан аулақ болу үшін күнделікті диетаңызға қытайбұршақты қосуыңыз керек.

Денсаулығыңыз мықты болсын...

Дайындаған: Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар