Дәріні қалай қабылдау керек?

«Денсаулық зор байлық» - 49

2020841
Дәріні қалай қабылдау керек?

Дәрілік заттардың сіңуіне ішетін судан бастап, жату позициясына дейін көптеген фактор әсер етеді. Жаңа бір зерттеу біз қабылдаған таблетканың күшіне ену үшін қанша уақыт қажет екендігін дене позициясының белгілегенін ортаға қойды.

Емдеудің тиімділігін арттыру үшін дәрі-дәрмекті қалай қабылдау керек?

Асқазан да дәрі сіңірілмейді. Ащы ішектер де саусақ тәрізді шығыңқы жерлер және ондағы жасушалар сіңіруді қамтамасыз етеді. Бұл екі футбол алаңының өлшемі яғни шамамен 200 м2 болып табылады. Бұл жалпыламаға сәйкес келмейтін, әрине, сирек кездесетін дәрілер бар. Асқазанның құрамы ағзадағы ең қышқыл орта болып табылады. Қышқылды препараттар еріп, сіңірілуі мүмкін. Осы себепті мұндай препараттарды аш қарынға қабылдау өте зиянды әсер етеді, сондықтан сақ болу керек.

Неліктен біздің дене позициямыз дәрінің сіңуіне әсер етеді?

Дәрілік заттардың сіңуінде асқазанның жиырылуы мен босауы маңызды рөл атқарады. Әдетте асқазанның бір бөлігі тамақ жиналған жер болып табылады және солға қисайған кезде ол бүктеліп, асқазанның босатылуы кешігеді. Тағы да қант диабеті сияқты кейбір созылмалы аурулар асқазанның жиырылуын баяулатады, асқазан кеш босайды.

Азық-түліктер мен оған қатысты дәрілер де қанға кеш араласады. Оң жағына қисайған бір адамның болса асқазанындағы заттардың ішекке өтуі жылдамдап, жіңішке ішекке өткен дәрілер тезірек сіңеді. Ұқсас түрде қозғалу сіңуін тездетеді, тұрған кезде және қозғалған кезде қабылданған дәрі мен тағамдар тез сіңеді, себебі асқазанның жиырылуы тез болады. Яғни асқазанның жиырылуы мен босауы неғұрлым жылдам болса, аз уақыт ішінде жіңішке ішекке өтетін дәрілер жеңіл сіңеді. Дәрі-дәрмекті қабылдағаннан кейін қозғалған жөн. Дәріңізді тік күйде, егер жатып қабылдау керек болса оң жағыңызға қисап ішкеніңіз дұрыс болар.

Дәрілерді қабылдау тәсілі де олардың сіңуі үшін өте маңызды. Дәрілік заттар сұйық, түйіршік, ұнтақ, капсула және таблетка түрінде болуы мүмкін. Дәрі молекуласының мөлшері, суда немесе майда еру қабілеті, құрамындағы қышқыл немесе негізділігі дәрілік сіңуге әсер етеді.

Әсіресе капсула таблеткаларын жұта алмайтын адамдар бар. Оны капсуладан шығарып, ұнтақты ішу денсаулыққа пайдалы емес. Өйткені дәрілік форма препараттың белсенді затының қасиетіне сәйкес қалыптасады. Мысалы қышқыл ортада жойылатын негізгі препараттарды асқазанға әсер етпей өтетіндей етіп капсулаға орап қояды немесе асқазан қышқылы әсер еткен және сіңуі қажет препараттар таблетка түрінде дайындалады. Сондықтан біз дәрі-дәрмектерімізді сол күйінде ішуіміз керек.

Таблетканы ең дұрыс жолмен қалай жұтуымыз керек?

Тағы бір маңызды мәселе - дәріні көп сумен ішу. Көп су бүйрек зақымдануын болдырмайды. Ең бастысы, кейбір препараттар ас қорыту жүйесіне жабысып жара, өңешке жабысып зиян келтіретінін білеміз. Дәрілердің бұл түрлерін өңешке жабысып қалмас үшін көп сумен ішу керек. Көріп отырғаныңыздай, дәрігердің дәрі-дәрмектерді қалай қабылдау керектігі туралы ескертуі өте маңызды және оларды орындау қажет.

Дәрі-дәрмекті қауіпсіз қабылдауға көмектесетін кейбір ұсыныстар:

  • Нұсқауларды орындаңыз. Барлық дәрілік зат белгілерін оқып шығыңыз және нұсқауларды орындаңыз. Сізге көбірек көмектеседі деген оймен дәрінің жоғары дозаларын қабылдамаңыз. Бұл өте қауіпті және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
  • Дәрілерді уақытында қабылдаңыз. Кейбір адамдар тамақ ішу немесе ұйықтау уақытын дәрі қабылдауды еске салу ретінде пайдаланады.
  • Шамды қосыңыз. Қараңғы жерде дәрі қабылдауға болмайды, дәріңізді шатастырып қателік жасауыңыз мүмкін.
    • Проблеманы дәл кезінде хабарлау. Рецептіңізбен байланысты  әртүрлі мәселені дереу дәрігеріңізге білдіріңіз.
  • Жақын адамдарыңыздан көмек сұраңыз. Дәрігердің айтқанын түсіну немесе есте сақтау үшін сізге көмек қажет болуы мүмкін деп ойласаңыз, дәрігердің қабылдауына досыңызды немесе туысқаныңызды алып барыңыз.
  • Препаратты қабылдауды тоқтатпас бұрын тексеріңіз. Дәрі-дәрмекті оларды тауысқанша қабылдаңыз. Немесе дәрігер қарсы болмаған кезде тоқтатыңыз. Кейбір дәрі-дәрмектерді тек «қажет болған кезде» қабылдау керектігін есте сақтаңыз.


Ұқсас жаңалықтар