Ұмытшақтық шағымдары бойынша табиғи ұсыныстар

«Денсаулық зор байлық» - 50

2024056
Ұмытшақтық шағымдары бойынша табиғи ұсыныстар

Бүгінгі тақырыбымыз: Ұмытшақтық шағымдары бойынша табиғи ұсыныстар.

1. Шалфей

Шалфей –миға пайдасы бар есте сақтау қабілетін арттыратын шөп. Күшті иісімен танымал дәмдеуіштің түрі ретінде шалфей когнитивтік функцияны жақсартады және альцгеймер ауруын емдеуге көмектеседі. Негізінде 2017 жылы жарияланған бір зерттеу шолуы шалфейдің когнитивтік және неврологиялық функциялар үшін пайдалы болатын қосылыстардан тұратынын көрсетеді.

2. Куркума

Куркума - аюрведиялық медицинада бұрынан қолданылған дәмдеуіш. Оның құрамында мидың денсаулығы мен жалпы денсаулыққа пайдалы куркумин деп аталатын қосылыс бар.

2010 жылы жарияланған бір зерттеу нәтижесіне қарағанда куркуманың мидың денсаулығын жақсартады және миды тазарту арқылы альцгеймер ауруының алдын алатынын алға тартады. Сонымен қатар куркума мидағы жүйке жасушаларының бұзылуына жол бермей, мидың денсаулығын сақтай алады.

Куркума - әдетте кориандр және зире сияқты дәмдеуіштерді де қамтитын карри ұнтағының маңызды ингредиенті болып табылады.

Куркума тұтынуды көбейту үшін қуырылған картоптарға, сорпаларға және көкөніс тағамдарына куркума қосып көріңіз. Куркуманың сіңуін арттыру үшін бірнеше шымшым қара бұрыш қосыңыз.

3. Гинкго

Ұзақ уақыт бойы деменцияны (алжығандық) емдеуде қолданылған «гинкго билоба» дәстүрлі қытай медицинасында кеңінен қолданылады. Гинкго қан айналымын оятып, миға қан ағымын ынталандыру арқылы когнитивтік функцияны жақсартуға көмектеседі деп қабылданады.

4. Женьшень

Женьшень есте сақтау қабілетінің жоғалуының алдын алады және жасқа байланысты есте сақтау қабілетінің әлсіреуін азайтады. Бұл шөп медицинасындағы ең танымал шөптердің бірі болып табылады.

5. Жаужапырақ/Мелисса шайы

Көбінесе шай түрінде қабылданатын және мазасыздық пен ұйқысыздықты жеңілдету үшін қолданылатын шөп ретінде жаужапырақ бальзамы когнитивтік функцияны жақсартуға көмектеседі. Кейбір зерттеулер мұның есте сақтау қабілетін арттыратын тамаша бір шөп болуы мүмкін деп болжайды.

6. Көк шай

Көк шай барлық ауруды емдеуде қолданылады. Пайдасы көп екені белгілі көк шайдың ұмытшақтыққа да өте пайдалы екені анық. Құрамындағы компоненттердің арқасында есте сақтау қабілетін нығайтатын көк шайды ішу керек. Бұл ұмытшақтық шағымдарын жоятын өте дәмді шөп шайы.

7. Анар шырыны

Егер сіз үнемі ұмытшақтықпен ауыратын болсаңыз, анар шырынын ішуге болады. Анар шырыны да өте шипалы су. Анар шырыны ми жасушаларын қорғайды және қалпына келтіреді. Осылайша ұмытшақтықты тудыратын факторларды жояды. Ұмытшақтығы бар адамдар анар шырынын сеніммен іше алады.

8. Қызанақ

Қызанақта көп мөлшерде «ликопен» деп аталатын компонент бар. Ликопен компоненті сонымен қатар жадты барлық жағымсыз факторлардан қорғайды. Осы себепті қызанақты ұмытшақтықпен ауыратын адамдарға тұтыну ұсынылады. Денені барлық бос радикалдардан қорғайды және ми қызметін жақсартады. Бұл сізге күшті есте сақтауға мүмкіндігі береді.

9. Қаражидек

Қаражидек есте сақтау қабілетін нығайтады және ақыл-ойды жақсартады. Ұмытшақтықпен ауыратындар тұтынуы тиіс қаражидек миды стресстің барлық түрінен қорғайды.

10. Шпинат

Темір тұрғысынан ең бай тағамдардың біріне саналатын шпинаттың құрамында фолий қышқылы да бар. Фолий қышқылы есте сақтау қабілетін нығайтады және оны жандандырады. Шамадан тыс ұмытшақтық сияқты проблемаларыңызды шпинатпен өткізе аласыз. Бұл көкөніс ұмытшақтықты тудыратын факторларды жояды.

11. Жаңғақ

Жаңғақтың құрамындағы Омега 3 май қышқылдарының арқасында ұмытшақтықты болдырмайды және есте сақтау қабілетін нығайтады. Осы себепті күніне 1 уыстан аспайтындай жаңғақ, орман жаңғағы сияқты жемістерді жеуге ұмытпаңыз.

12. Даршын

Даршын – иісімен ғана есте сақтау қабілетін арттыратын ғажайып тағамдардың бірі. Көптеген зерттеулер нәтижесінде даршын иісі миға оң әсер етіп, ақыл-ойды босаңсытып, зейінді арттыратыны қабылданған. Сонымен қатар құрамында көптеген минералдар болғандықтан оны тұтыну өте маңызды. Қаласаңыз, жегеніңізге даршын ұнтағын себіңіз немесе даршын таяқшаларын қайнатып, дәмді даршын шайын дайындау арқылы осы мүмкіндіктерді пайдалана аласыз.

Дайындаған: Дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар