Доха метросына – түрік қолтаңбасы

Түрік мердігерлер әлем алпауыттарын артта тастап, Катарда 4,4 миллиард долларлық тендерді жеңіп алды.

63704
Доха метросына – түрік қолтаңбасы

Доха метросына – түрік қолтаңбасы
Түрік мердігерлер әлем алпауыттарын артта тастап, Катарда 4,4 миллиард долларлық тендерді жеңіп алды.
Түркияның екі компаниясы Катар Доха метросы аясындағы ең үлкен желі “Gold Line” тендерін алды.
Осы жобаға әлем көлемінде 700 компания өтінім берген болатын. Аталмыш жоба – түрік мердігерлерінің шетелде алған ең үлкен жобасы.
Доха метросы “Gold Line” желісі – Катарда өтетін 2022 Әлемдік кубокқа дайындық жобалары арасындағы ең ірі инвестиция.
120 жылдық бетон кепілдігі берілетін метро құрылысында бір миллион текше метр бетон қолданылады. Алты дана туннель қазу көлігі жұмыс істейтін болады.
Жоба үшін Түркиядан да жұмысшы апарылады. Барлығы 4500 адам жұмысқа орналастырылады.
Жобаның 2018 жылы аяқталуы жоспарлануда.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар