Түркия қорғаныс өндірісі атқару комитетінің отырысы өтті

Ф-35 соғыс ұшақтары үшін тапсырыс беріледі

63557
Түркия қорғаныс өндірісі атқару комитетінің отырысы өтті

Қорғаныс өндірісі атқару комитеті кеше премьер-министр Эрдоғанның төрағалығымен жиналған болатын. Атқару комитеті шабуыл ұшақтары JSF жобасы аясында Түркия 2018-жылы алуды жоспарлаған екі ұшаққа тапсырыс беруге шешім қабылдады. Түркия жоба аясында жалпы 100 дана ұшақ алуды жоспарлап отыр.
Отырыста Гөктүрік жаңалау спутниктері жобасы аясында TUSAŞ фирмасымен, теңіз күштері бас штабының тасымалдау кемесі жобасы аясында «Selah» машина мен кеме жасау фирмасымен келіссөздер жасауға шешім қабылданды.
SAT командалары үшін шабуыл қайығы жобасы аясында Ares кеме жасау фирмасымен, MİLGEM жобасы үшін STM инженерлік фирмасымен келіссөздер жасауға шешім қабылданды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар