Мармарай жобасына тағы да несие берілді

Еуропа Инвестиция банкі жоба үшін тағы 200 миллион несие береді

64497
Мармарай жобасына тағы да несие берілді

Еуропа Инвестиция банкі Еуропа мен Азияны Босфор бұғазы арқылы бірінші рет темір жолы арқылы байланыстырған Мармарай жобасы үшін тағы 200 миллион еуро несие беретін болды. Келісім шартқа кеше Анкарада қол қойылды. Келісім шартқа Түркия атына Қазына кеңесшісі Ибрахим Чалык қол қойды.
Келісім шартқа Еуропа Инвестиция банкі атына қол қойған банктің Түркиядан жауапты өкілі Pim van Ballekom Еуропа мен Азияны бір біріне байланыстырып тұрған бұл жобаға берілетін несиені арттыру туралы келісім шартқа қол қоюдың қуанышты жәйт екенін білдірді.
200 миллион еуролық жаңа несиені қосқанда Мармарай жобасына Еуропа Инвестиция банкінің жәрдемі 1,25 миллиард еуроға жетті.
Жоба арқылы бұғаздың екі жағындағы темір жолы желісі туннель арқылы бірлеседі. Бұл жоба арқылы туннельге Анкара мен Ыстанбұл арасындағы жүрдек пойыз желісі де қосылатын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар