Еуропа Одағынан Ресейге қосымша санкция

Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері Брюссельде бас қосты.

66383
Еуропа Одағынан Ресейге қосымша санкция


Еуропа Одағы Сыртқы істер министрлері Украинада келіспеушілікті тынышталдыру мақсатымен қадам баспаған Мәскеу әкімшілігіне қарсы қосымша санкцияларды талқылау үшін Брюссельде бас қосты.
Еуропа Одағындағы материалдық дәулеті бұғауланған және саяхат жасауына да тыйым салынған қара тізімге қосымша тұлғалар енеді.
Әзірге аталмыш қара тізімде 48 орыс және қырымдық лауазымдының аты бар.
Министрлер Қырымда билік ауысуын пайдаланған екі компанияны да қара тізімге алайын деп отыр. Алайда жаңа санкция жүргізілетін орыс басшыларының мәртебесі мен санының төмен екені және Мәскеуге әсерінің аз болатыны білдірілді.
Еуропа Одағы Ресейге қарсы экономикалық санкцияларды қамтитын үшінші сатыға өтпей тұр. Себебі бұл санкциялар Еуропа экономикасына зиян келтіруі мүмкін.
Жиналыс қарсаңында Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік жоғары комиссары Кэтрин Эштон Мәскеуден кикілжіңді басатын қадам басуын күтетіндерін айтты.
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Уильям Хейг болса Украинаның шығысындағы «ауыз жүзіндегі» референдумның ешбір мағынасы жоқтығын, оның заңсыз екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар