Қытай мен Ресей арасындағы келісім аяқталып қалды

Ресей Энергия министрлігінің келісім-шарттың 98 пайызының дайын екенін мәлімдеді.

223332
Қытай мен Ресей арасындағы келісім аяқталып қалды

Қытай мен Ресей арасындағы табиғи газ келісімі аяқталып қалды.
Ресей Энергия министрлігінің келісім-шарттың 98 пайызының дайын екенін мәлімдеді. Келісім-шартқа қарағанда Ресей Қытайға 30 жыл бойы табиғи газ сатады.
Келісімге Ресей президенті Владимир Путинның 20-21 мамыр күндерінде болатын Қытай сапары барысында қол қойылуы жоспарланып отыр.
Қытай мен Ресей арасындағы келіссөз шамамен он жылдан бері жалғасуда. Олар осыншама жыл газдың бағасында келісе алмай келді.
Мамандар Қырымды өз жеріне қосып алып, батыс санкцияларының нысанасына айналған Мәскеу әкімшілігі Қытаймен келісімге келу үшін бағаны арзандатты деп жорамалдар жасап отыр.
Орыс газын экспорттайтын Газпром қазір табысының 80 пайызын Еуропа нарығынан табуда.
Келісім-шарт нәтижеленген жағдайда, Газпром 2018 жылдан бастап Қытайға жылына кемінде 38 миллиард текшеметр газ сатады. Осы мөлшер Қытайдың газ тұтынуының шамамен төрттен бірін қалыптастырады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар