Түрік әуе жолдары АҚШ-та ұшу пункттерін көбейтті

Түрік әуе жолдары Американың маңызды әуе жолы компанияларының бірі JetBlue-мен келісімге келді.

67597
Түрік әуе жолдары АҚШ-та ұшу пункттерін көбейтті

Америка Құрама Штаттарындағы алтыншы пункт болған Бостонға 12 мамырдан бастап тікелей рейстерін бастаған Түрік әуе жолдары Американың маңызды әуе жолы компанияларының бірі JetBlue-мен келісімге келді.
Келісімге ТӘЖ атынан бас директор орынбасары Ахмет Болат пен JetBlue жоспарлауға жауапты төраға орынбасары Скот Лоуренс Нью-Йоркта қол қойды.
Түрік әуе жолдарының Америка Құрама Штаттарында бұдан басқа United Airlines және Virgin Atlantic-пен де келісім-шарты бар.
Түрік әуе компаниясының Америка Құрама Штаттарында Чикаго, Хьюстон, Лос-Анджелес, Нью-Йорк, Вашингтон және Бостонға тікелей рейстері бар.
JetBlue компаниясы болса Америка Құрама Штаттарында 24 штатта 84 пунктке рейс ұшырады. Компанияның халықаралық деңгейде де 12 рейсі бар.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар