АҚШ-тан Түркияға сауда қолдауы

Экономикалық және сауда стратегиялық ынтымақтастығы жиналысы Вашингтонда өтті

67970
АҚШ-тан Түркияға сауда қолдауы

Түркия және Америка Құрама Штаттарында арасындағы Экономикалық және сауда стратегиялық ынтымақтастығы жиналысының 3-шісі Вашингтонда өтті.
Осы аяда премьер-министр орынбасары Али Бабаджан және экономика министрі Нихат Зейбекчи, Американ Сауда министрі Пени Притзкер және Американ сауда мекемесі өкілі Майкл Фроманмен бас қосты.

Өзара сауда қарым-қатынастары қолға алынған кездесуде Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы арасында жалғасқан Транс-Атлантика Сауда және инвестиция ортақтығы күн тәртібіне келді.
Түркияның шетте қалғысы келмегенін атап айтқан Зейбекчи осыған Вашингтон әкімшілігінің рұқсат етпейтінін де атап айтты.
Түркияның Еуропа Одағы мен Кеден Одағы келісіміне назар аударған Бабаджан болса нақты нысанасының Түркияның құрылымнан тыс қалмау керектігін мәлімдеді.
Министрлердің осы мәлімдемесіне қолдау Америка Сауда мекемесі өкілдігінен келді.
Өкіл Фроман келіссөздер жалғасқан сайын Түркияның заңды мүддесінің қорғалуына назар аударылатынын білдірді.
Фроман осы аяда жылдың ішінде маңызды қадамдар басылатынын атап көрсетті.
АҚШ Сауда министрі Притзкер болса Түркияның 2023 нысанасы бағытында әлемнің 10 үлкен экономикасы арасында орын алуына қолдау бергенін мәлімдеді. Притзкер қыркүйек айында Түркияға келуі күтіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар