Еуропаның ең жас тұрғындары Түркияда тұрады

Түрік статистика мекемесі 2013 жылғы жастар есебін жариялады.

68703
Еуропаның ең жас тұрғындары Түркияда тұрады

Есепке қарағанда Еуропаның ең жас тұрғындары Түркияда тұрады.
Түрік статистика мекемесінің есебінше, Еуропа Одағына мүше және үміткер елдердің жас тұрғындарының жалпы тұрғын ішіндегі көрсеткіші 11,5 пайыз, бұл көрсеткіш Түркияда 16,6 пайыз.
Түркияда халықтың 12 миллион 691 мың 746-сын 15-24 жас арасындағы тұрғындар қалыптастырады.
Жас тұрғындардың 51,2 пайызы ер адам, 48,8 пайызы болса әйелдер.
2023 жылы Түркияның тұрғын саны 84 миллион 247 мың адам болады деген болжам жасалды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар