Ф-35-тің моторы Измирде шығарылатын болады

Ұшақ моторы зауыты 6-маусымда ашылады

83021
Ф-35-тің моторы Измирде шығарылатын болады

Измирде құрылған Ф-35 ұшақ моторы зауыты президент Абдуллах Гүлдің қатысуымен ашылады.
«Кале» компаниясы мен АҚШ-тың Pratt & Whitney фирмасының әріптестігімен Измирде құрылған Ф-35 ұшақ моторы зауыты 6 маусым күні ашылады.
Президент Абдуллах Гүл ашатын зауыт әлемдегі ең мықты соғыс ұшағы болып табылатын Ф-35-тің моторларын шығаратын болады.
Әлемдегі ең үлкен ұшақ моторы өндірушісі Pratt & Whitney компаниясымен 51-49 пайыз әріптестік нәтижесінде үш жыл бұрын ірге тасы қаланған зауыттың 75 миллион доллар шығын жұмсалған бірінші этабы бітті.
Эгей еркін аймағында 2-ші және 3-ші этап құрылыстары жалғасып жатқан Kale Pratt&Whitney зауытында 700-750 адамның жұмысқа орналасуы күтіліп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар