BRICS елдері екі жаңа қаржы мекемесі құруға шешім қабылдады

BRICS елдері Әлем банкі мен IMF-ке бәсекелес екі мекеме құрады

130799
BRICS елдері екі жаңа қаржы мекемесі құруға шешім қабылдады

Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африкадан құрылған BRICS мемлекеттері жаһандық қаржы жүйесінде одан ықпалды роль ойнайтын халықаралық бір ақша қоры мен жәрдем фонды құруға шешім қабылдады.
BRICS мемлекеттері басшыларының Бразилиядағы саммит алдында кеше Форталезада Қаржы министрлері жиналды және құрылатын жаңа халықаралық мекеменің егжей-тегжейін бағаландырды.
Тұңғыш рет 2013 жылы жарияланған және Жаңа Өркендеу Банкі деген ат қойылған мекеме әлем банкі құрылымына ұқсас болады.
Мекеме елдердегі инфрақұрылым жобаларына төмен шығынмен қаржы қамтамасыз ететін болады.
Үндістан жаңа құрылатын өркендеу банкіне 5 жыл бойынша басшылық жасайды.
Құрылатын банктің алғашқы сатыдағы капиталының 50 миллиард доллар болуы жоспарланады.
Халықаралық валюта қоры IMF-ке қарсы альтернативті түрде бір қордың құрылуы да күн тәртібінде.
«Шағын IMF» ретінде де аталған қордың қаржы тапшылығына ұшыраған мемлекеттерге одан жеңіл шарттармен қолдау бере алатыны атап көрсетілді.
BRICS құтқару фонды болса 100 миллиард долларлық резервпен құрылуы нысанаға алынады.
41 миллиард доллармен ең үлкен үлесті қосатын Қытай мекеменің орталығының Шанхай болуын қалайды.
Дегенмен Мәскеу Жаңа Дели және Йоханнесбургті де үміткерлікке ұсынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар