Ұлттық лотерея басқармасына - 2 миллиард 755 миллион доллар

Лотерея басқармасы 10 жылдығына жекешелендірілді.

131360
Ұлттық лотерея басқармасына - 2 миллиард 755 миллион доллар

Ұлттық лотерея басқармасына - 2 миллиард 755 миллион доллар


Ұлттық лотерея басқармасының ұтысты ойындары лицензиясының 10 жыл мерзімге жекешелендірілуі жөніндегі тендер кеше аяқталды.


Ең жоғары ұсынысты Net Şans-Hitay тобы берді.


Тендерге үш компания қатысты. Turkısh Lottery компаниясы тендерден шығып кетті. Қалған екі компания арасында 2 миллиарл 755 миллион доллармен Net Şans-Hitay тобы жеңіп шықты.


Осы көрсеткішпен Ұлттық лотерея басқармасының тендері Түркиядағы көлемі жағынан бесінші жекешелендіру тендері болды.


Келісімге соттың мақұлдауынан кейін қол қойылады.


Тендерді алған компания бір жылда ұтыс ойындарының жүйесін құрып болғаннан кейін істерін бастайды.


Ұлттық лотерея басқармасы ұтысты ойындардың бақылауын жүргізеді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар