Түркияның туризм табыстары артты

Түркия Статистикалық мекемесі туризм көрсеткіштерін жариялады

75276
Түркияның туризм табыстары артты

Түркия Статистикалық мекемесі жылдың екінші ширегіне қатысты туризм көрсеткіштерін жариялады.
Түркияның туризм табысы жылдың екінші ширегінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда, 7.9 пайыз артып 8 миллиард 975 миллион 976 мың доллар болды.
Туризм табыстарының 84.5 пайызы шетелдік, 15.5 пайызы болса шетелде өмір сүрген азаматтарымыздың түсімі.
Түркиядан шыққан зияратшы келушілер саны екінші ширегінде 6.8 пайыз артты.
Шетелге саяхат жасаған азамат саны да 11.3 пайыз артып, 2 миллион 42 мың 86 болып тіркелді.
Түркия Статистикалық мекемесі Тұтынушы сенім индексіне қатысты статистикаларды да жариялады.
Осыған қарағанда тұтынушы индексі шілде айында алдынғы аймен салыстырғанда 0.3 пайыз артып, 73.9 пайызға жетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар