Мұнай компаниялары жұмыстарын тоқтатты

Бұл туралы Ирак Күрдістан аймақтық әкімшілігі хабарлады.

89597
Мұнай компаниялары жұмыстарын тоқтатты

Ирак Күрдістан аймақтық әкімшілігі аймағындағы халықаралық 7 мұнай компаниясы жұмыстарын тоқтатты.


Халықаралық компаниялардың жұмысын тоқтатуға Ербил қаласы маңында Ирак Левант Ислам мемлекеті атты ұйым мен пешмерга жасақтары арасындағы қақтығыстар және АҚШ-тың ISIS-ке қарсы әуе операциясы себеп болды.


Аймақтық әкімшіліктің Табиғи байлықтар министрлігінің кеңесшісі Хүсейн Али Белу мұнай өндіретін осы компаниялардың ел ішіндегі өндіріс және табыстан үлесін алуды жалғастыратынын, аталмыш компаниялардың экспорт үшін бөлінген өндірістен те үлес алуын қамдау үшін үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқандарын білдірді.


Лауазымдының айтуынша, министрлік Джейхан порты арқылы экспортын жалғастырады және аймақтағы мұнай компанияларының инвестиция және қолдауларына жылы қарайды.


Министрлік лаңкестік ұйымының мұнай шығарылып жатқан өңірлерге жетпегенін, Түркияның Джейхан портына мұнай айдаудың жалғасатынын білдірген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар