АҚШ болат сымдарды экспорттаушы 5 елге кеден салығын арттырды

Халықаралық Сауда Комиссиясының жазбаша мәлімдемесіне қарағанда араларында Түркия да бар 5 елге кеден салықтары бес жылдығына арттырылды.

962563
АҚШ  болат сымдарды экспорттаушы 5 елге кеден салығын арттырды

АҚШ-тың Халықаралық Сауда Комиссиясы (ITC) ел өнеркәсібінің Италия, Оңтүстік Корея, Түркия, Испания және Ұлыбританиядан жасалған көміртекті және болат қорытпалы сым импортында қаржылай зиян көргені жайлы шешім қабылдады.

ITC кеше жасаған жазбаша мәлімдемеде бұл өнімдер үшін 5 жыл бойынша 147.63 пайызға дейінгі мөлшерде кеден салықтарын тұрақтандырғанын атап көрсетті.

АҚШ Сауда министрлігі наурыз айында бұл елдердің АҚШ нарығында демпинг жасалғанын жариялаған болатын.

Министрлік сол уақытта қосымша кеден салығы салуға шешім қабылдаған бірақ нақты шешімді ITC-нің қабылдайтынын атап көрсеткен болатын.

АҚШ-тың 2016 жылғы болжамына қарағанда, Италиядан 12.2 миллион доллар, Оңтүстік Кореядан 45.6 миллион доллар, Испаниядан 40.7 миллион доллар, Түркиядан 41.4 миллион доллар және Ұлыбританиядан 20.5 миллион доллар көлемінде болат сым импорттаған еді.



Ұқсас жаңалықтар