Түркияның орман жаңғағы экспорты артты

Түркия биыл қаңтар айында 26 мың 119 тонна орман жаңғағы экспортынан 191 миллион 187 мың 424 доллар кіріс түсірді.

1579054
Түркияның орман жаңғағы экспорты артты

Шығыс Қаратеңіз экспортшылар одағының санақтарына қарағанда орталығы Трабзонда болған фирмалар 10 мың 681 тонна орман жаңғағын шетелге сатумен 84 миллион 849 мың 357 доллар кіріс түсірді. 

Осылайша Трабзон жалпы орман жаңғағы экспортының кірісі тұрғысынан 44 пайызын жүзеге асырды. 

Трабзоннан орман жаңғағы экспорт етілген ел саны 33-ке жетті.   

Ең көп орман жаңғағы сатылған елдер ретімен Италия, Польша және Қытай Халық Республикасы. 

 



Ұқсас жаңалықтар