Еуропалықтар кофеге көп ақша жұмсады

1 қазан Халықаралық Кофе күніне орай кофе импорты туралы деректер жарияланды.

1713377
Еуропалықтар кофеге көп ақша жұмсады

Еуропа Одағына мүше елдер былтыр 7,5 миллиард евролық кофе импортын жүзеге асырды.

Еуропа Статистика кеңесі (Eurostat) 1 қазан Халықаралық Кофе күніне орай 27 мүше елдің 2020 жылғы кофе импорты туралы деректерді жариялады. Деректерге қарағанда, ЕО-ға мүше елдер былтыр барлығы 2,9 миллион тонна кофе сатып алды.  Еуропа елдері аталмыш кофе импортына 7,5 миллиард евро төледі.

Еуропа Одағының кофе импортында бірінші орынды 933 мың тоннамен Бразилия алады.  Бразилиядан кейін 642 мың тоннамен Вьетнам, 216 мың тонна кофемен Гондурас, 166 мың тоннамен Уганда, 154 мың тоннамен Колумбия, 108 мың тоннамен Үндістан, 96 мың тоннамен Перу, 78 мың тоннамен Индонезия және Эфиопия келеді.

Осы мерзімде Германия 1,1 миллион тонна, Италия 559 мың тонна, Бельгия 309 мың тонна, Испания 274 мың тонна және Франция 205 мың тонна кофе сатып алды.



Ұқсас жаңалықтар