Ержиеске польшалық туристер келді

Кайсери Ержиес Шаңғы орталығы инвестициялармен халықаралық туризм орталығына айналуда.

1752773
Ержиеске польшалық туристер келді
kayseri polonya turist.jpg
kayseri polonya turist.jpg

Польшаның бас қаласы Варшавадан Кайсериге келген туристер тобы Еркилет әуежайында гүлдермен күтіп алынды.

Шаңғы тебу үшін Түркияның танымал шаңғы орталықтарынан Ержиес тауына шығатын 165 польшалық турист Варшавадан ұшақпен Еркилет әуежайына келді. 

"Қош келдіңіздер!" мағынасындағы "Witamy" жазылған жалаумен күтіп алынған топ қонақ үйге орналасты.

Ержиес компаниясының Әкімшілік кеңесі төрағасы Мұрат Жахид Жынгы журналистерге мәлімдемесінде Кайсери Ержиес Шаңғы орталығының инвестициялармен халықаралық туризм орталығына айналғанын айтты.

Ержиес компаниясының жәрмеңкелері, таныстыру іс-шаралары арқылы Кайсериге туристер ағыла бастағанын айтқан Жынгы Ержиестің бес жылдан кейін танымал бір маркаға айналатынын білдірді.  



Ұқсас жаңалықтар