Трабзонда экспорт жылдам артуда
Президент Ердоған: "225 миллиард доллардан асқан рекорд экспортты еліміздің коронавирус індеті кезеңіндегі табысының белгісі деп қараймыз" деді.
Президент Режеп Тайып Ердоған:
"Түркияны тарихтағы ең ірі инвестициямен қауыштыруды жалғастырудамыз" деді.
Президент, Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған Трабзон Уәлаят Ақылдастар Мәжілісінің жиналысында сөз алды.
Ердоған:
"225 миллиард доллардан асқан рекорд экспортты еліміздің жаңа типті коронавирус індеті кезеңіндегі табысының белгісі деп қараймыз. Экпорттағы табыстарымызды жоғары өреге көтереміз" деді.
Президент Ердоған Трабзонда топтық беташардағы сөзінде:
"Елімізге ұлы еңбектер мен қызметтер жасадық" деді.
Президент Ердоған Трабзонда білім беру мен денсаулық сақтауда барлық ауданды қамтитын көптеген инвестицияның ресми бетін ашқандарын айтып:
"Қаратеңіздің басты қаласы Трабзон өркендесе, бүкіл Түркия өркендейді. Трабзон ілгерлесе, Түркия ілгерлейді. Трабзонның өсіп дамуы бүкіл Түркияның өсіп, дамуы мағынасына келеді" деп көрсетті.