Түркия 2 миллиард 822 миллион долларлық автокөлік экспорттады
«Улудағ» автокөлік өнеркәсібі экспорттаушылар қауымдастығы мәлімдеме жасады.
2048116
Түркияның автокөлік өнеркәсібі қыркүйек айында 2 миллиард 822 миллион долларлық өнім экспорттады.
«Улудағ» автокөлік өнеркәсібі экспорттаушылар қауымдастығының мәлімдемесіне қарағанда түрік автокөлік өнеркәсібінің қыркүйек айындағы экспорты өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 2,6 пайыз артып, 2 миллиард 822 миллион 476 мың долларға жетті.
Сыртқы саудада «химиялық заттар мен өнімдер» саласынан кейін екінші орында тұрған автокөлік өнеркәсібінің экспорттағы үлесі 14,7 пайызды құрайды.