Қорғаныс саласындағы экспорт

Былтыр ең көп экспорт жасаған компания «Байкар» болды.

2084808
Қорғаныс саласындағы экспорт

Түрік қорғаныс және авиация өнеркәсібінде былтыр ең көп экспорт жасаған компания «Байкар» болды.  Компания 1 миллиард 766 миллион долларлық экспорт жүзеге асырған.

Президенттік аппарат жанындағы Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының басшысы Халук Гөргүн қорғаныс өнеркәсібінің соңғы 10 жылда әлемнің түкпір-түкпіріне 185 елге 230 түрлі өнім экспорттағанын білдірді. «Секторда жүзеге асырылған экспорттың 1,7 миллиард долларын бір өзі көтерген «Байкар» компаниясы арнайы алғысқа лайық. Өздері жетілдірген технологиялар арқылы «ойын өзгерткен» және әлемнің мақтауын алған «Байкар» компаниясы 2003 жылдан бері табысының 83 пайызын экспорттан тауып отыр. Жоғары технологиялық экспортымен әл экономикасына маңызды үлес қосып отыр» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар