Каппадокияда рекорд жаңартылды

Каппадокия - ауқымды территориясы және теңдесі жоқ сұлулығымен туристерді тартатын аймақ.

2084409
Каппадокияда рекорд жаңартылды

Былтыр Каппадокияға 4 миллион 826 мың 662 жергілікті және шетелдік турист келіп,  рекорд жаңаланды.

Невшехир әкімі Али Фидан 2023 жылдың аймақ туризмі тұрғысынан табысты болғанын,  туристердің ықыласының 2024 жылы да артатынына сенетінін білдірді.

Каппадокия - ауқымды территориясы және теңдесі жоқ сұлулығымен туристерді тартатын аймақ.

«Табиғи сұлулықтары, тарихи және мәдени құндылықтарымен ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізімінде тұрған Каппадокия аймаңы жыл сайын жергілікті және шетелдік миллиондаған туристі қонақ қылады.  Қаламыз еліміздің таныстырылуы және экономикасына қомақты үлес қосады.  Туризм саласы қаламыздың дамуы мен жұмысқа орналастыру жағынан да маңызды ролге ие» деді әкім Али Фидан.



Ұқсас жаңалықтар