Түркияның ақсерке балығы экспорты  артты

Өткен жылы түрік ақсерке балығы Ресей Федерациясы қатарлы 45 елге экспортталды.

2085093
Түркияның  ақсерке балығы экспорты  артты

Түркияның ақсерке балығы экспорты 2023 жылы алдыңғы жылға қарағанда 9 пайыз артып, 396 миллион 315 мың 453 долларға жетті.

Шығыс Қаратеңіз экспорттаушылар қауымдастығының деректеріне қарағанда 2022 жылы 363 миллион 102 мың 216 доллар болған түрік ақсерке балығы  экспорты 2023 жылы 396 миллион 315 мың 453 долларға өсті.

Экспорт саны жағынан 49 мың 196 тоннадан 63 мың 161 тоннаға өсті.

Осылайша өткен жылы түрік ақсерке балығы экспорты өткен жылға қарағанда сан жағынан 28 пайыз, құндық жағынан 9 пайыз өсті.

Өткен жылы түрік ақсерке балығы Ресей Федерациясы қатарлы 45 елге экспортталды.



Ұқсас жаңалықтар