2 миллиард 752 миллион 647 мың долларлық кілем сатылды

Түркиядағы кілем өндірушілері 2023 жылы 612 миллион 194 мың шаршыметр кілем сатты.

2085851
2 миллиард 752 миллион 647 мың долларлық кілем сатылды

Түрік кілем секторы былтыр 612 миллион 194 мың шаршыметрлік кілем экспортынан 2 миллиард 752 миллион 647 мың доллар табыс тапты.

Оңтүстік-шығыс Анадолы экспортшылар одағының деректеріне қарағанда, Түркиядағы кілем өндірушілері 2023 жылы 180 ел мен еркін аймаққа 612 миллион 194 мың шаршыметр кілем сатты.

Сектор ең көп табысты 2 миллиард 188 миллион 116 мың доллармен машинамен тоқылатын кілемдерден тапты.

Түркиядан кілемді ең көп Америка Құрама Штаттары сатып алды. Америка Құрама Штаттарынан кейін кезегімен Сауд Арабиясы, Ирак және Ұлыбритания келеді.



Ұқсас жаңалықтар