Ресейге тәуелділікті азайтады

Ұлыбритания «HALEU» өндірістік бағдарламасын жүзеге асыруға дайындалуда.

2086251
Ресейге тәуелділікті азайтады

Ұлыбритания жоғары каратты байытылған уран (HALEU) өндіру арқылы Ресейге тәуелділікті азайтады.

Ұлыбритания Энергетика министрлігі «HALEU» өндірістік бағдарламасын жүзеге асыруға дайындалуда.

Ұлыбританияның энергетикалық қауіпсіздік министрі Клэр Коутиньо жобаның басты мақсаты Лондонның уран жеткізуде Ресейге тәуелділігін азайту және Мәскеуді әлемдік нарықтан шеттету екенін айтты.

Британ билігі бағдарламаға 380 миллион доллар ақша бөліп, 2030-шы жылдардың басында алғашқы «HALEU» өндірістік фабрикасын ашуды жоспарлап отыр.

Осы жоспарға қарағанда, 2050 жылға қарай Лондон үкіметі 24 гигаватт атом энергиясын өндіріп, елдің төрттен бірінің электр энергия қажеттілігін қамтамасыз етеді.

Коутиньо өз елінің Ресейді есептемегенде Еуропадағы заманауи ядролық отын шығаратын бірінші ел болатынын мәлімдеді.

Өткен жылдың қаңтарында британ әкімшілігі елдегі ядролық отын өндірісін дамыту және ресейлік уранға тәуелділікті азайту үшін 90,5 миллион долларлық қор құрған болатын.



Ұқсас жаңалықтар