Түркия мен Әзербайжан арасындағы сыртқы сауда көлемі артты

Түркия Италиядан кейін Әзербайжанмен ең көп сауда жасаған екінші ел болды.

2092011
Түркия мен Әзербайжан арасындағы сыртқы сауда көлемі артты

Түркия мен Әзербайжан арасындағы сыртқы сауда көлемі өткен жылға қарағанда 31 пайызға артып, 2023 жылы 7,65 миллиард долларға жетті.

Әзербайжан мемлекеттік кеден комитетінің жылдық мәліметтеріне қарағанда Түркия Италиядан кейін Әзербайжанмен ең көп сауда жасаған екінші ел болды. Әзербайжан Италиямен 15,68 миллиард доллар, Түркиямен 7,65 миллиард долларлық сауда көлеміне жетті.

Әзербайжанмен ең көп сауда жасаған үшінші ел 4,35 миллиард доллармен Ресей болды.

Түркия мен Әзербайжан арасындағы сауда көлемі 2022 жылы 5,84 миллиард долларға жетті. 2023 жылы қол жеткізілген 7,65 миллиард доллармен екі ел арасындағы сауда көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 31 пайызға артты.

Комитеттің мәліметтеріне қарағанда, Әзербайжан 2023 жылы 193 елмен екіжақты сауда көлемі 51,18 миллиард долларға жеткен.



Ұқсас жаңалықтар