Түркияның экспорты өсті

Түркияның экспорты 2023 жылы 0,6 пайыз артып, 255 миллиард 777 миллион долларға жетті.

2095731
Түркияның экспорты өсті

Түркияның экспорты 2023 жылы 0,6 пайыз артып, 255 миллиард 777 миллион долларға жетті. Импорт болса,  0,5 пайызға азайып 361 миллиард 774 миллион долларға ұласты.

Сауда министрлігі және Түркия Статистика мекемесімен бірлесіп дайындалған өткен жылдың желтоқсан айына және бүкіл 2023 жылға арналған уақытша сыртқы сауда деректері жарияланды.

Сәйкесінше, жалпы сауда жүйесі аясында экспорт 2023 жылдың желтоқсан айында алдыңғы  жылдың бірдей  айымен салыстырғанда 0,4 пайызға артып, 23 миллиард долларға, ал импорт 11 пайызға азайып 29 миллиард 39 миллион долларға жетті.



Ұқсас жаңалықтар