Түркия «Texworld Evolution Paris»-ке қатысты

Еуропадағы киім және аксессуар өндірушілерінің ең маңызды жәрмеңкелерінің бірі «Texworld Paris» бүгін есігін ашты.

2097808
Түркия «Texworld Evolution Paris»-ке қатысты

Түркия Францияның бас қаласы Парижде 97 фирмамен Еуропаның алдыңғы қатардағы дайын киім, мата, аксессуар және сән жәрмеңкелерінің бірі «Texworld Evolution Paris»-ке қатысты.

Еуропадағы киім және аксессуар өндірушілерінің ең маңызды жәрмеңкелерінің бірі «Texworld Paris» бүгін есігін ашты.

7 ақпанда аяқталатын жәрмеңке әлемнің түкпір-түкпірінен тоқыма, сән, мата, үй тоқыма және тері өңдеу сияқты салалардан көптеген сатып алушылар мен кәсіпқойларды қабылдайды.

Биыл жәрмеңкеге 97 түрік фирмасы қатысты. Түркия 19 елдің арасында екінші ең үлкен қатысушы ел болды.

Париждегі «Expo Porte de Versailles» көрме орталығында өткен жәрмеңкеге 3 күн бойы мыңдаған кәсіби келушілердің аралауы  күтілуде.

«Texworld Evolution Paris»-тің  Түркия тарапының ұйымдастырылуын Стамбул Сауда палатасы  жүзеге асыруда.

 



Ұқсас жаңалықтар