Туризмде Анталия 2024 жылды жылдам бастады

Осы жылдың алғашқы айында Анталияға 229 мың 97 турист келген.

2099699
Туризмде Анталия 2024 жылды жылдам бастады

Өткен жылы турист саны мен туризм кірісінде рекордқа жеткен Анталия 2024 жылды жылдам бастады.

Әлемнің түкпір-түкпірінен туристерді баураған және 2023 жылы 16 миллион 84 мың 737 адамды қабылдаған қала биылғы жылдың басында да қарқынын жалғастыруда.

Облыстық мәдениет және туризм басқармасының деректеріне қарағанда, жылдың алғашқы айында Анталияға 229 мың 97 турист келген.

Өткен жылы қаңтар айында қалаға 220 мың 10 адам келсе, биыл келушілер саны өткен жылмен салыстырғанда 4,13 пайызға артқан.

Қалаға келген турист саны бойынша 57 мың 366 адаммен орыстар бірінші орында тұр.

Ресейден кейін  ретімен 39 мың 427 туристпен Германия, 17 мың 930 туристпен Ұлыбритания және 9 мың 121 туристпен Польша орын алды.

Алғашқы ондыққа Украина, Қазақстан, Голландия, Иран, Бельгия және Қырғызстан кірді.



Ұқсас жаңалықтар