Түркияның раушан гүлі экспорты

Былтыр кеспе раушан гүлінің өндірісі алдынғы жылға қарағанда артты.

2101722
Түркияның раушан гүлі экспорты

Түркиядан раушан гүлінің экспорты кірісі өткен жылы 620 мың 28 доллар болды.

14 ақпан күні ғашықтар күнінің символына айналған раушан гүлінің 5 жылдық сауда көлемі Түркияда 16,5 миллион долларға жетті. Соңғы 5 жылда Түркияда шамамен 270 гектар алқапта 497 миллион 797 мың 546 раушан гүлі өсірілді.

Былтыр кеспе раушан гүлінің өндірісі алдынғы жылға қарағанда 6,4 пайызға артып, 105 миллион 771 мың данаға жетті.

Соңғы 5 жылда барлығы 2 миллион 940 мың долларлық экспорт жасалды. Бұл көрсеткіштің 620 мың 28 доллары өткен жылы жүзеге асты. Өткен жылғы раушан экспорты алдынғы  жылмен салыстырғанда 11,5 пайыз өсті.

Өткен жылы кеспе раушан гүлдерінен ең көп экспорт табысы 141 мың 332 доллармен Ирактан түсті. Оның артынан  128 мың 95 доллармен Түрікменстан келеді.



Ұқсас жаңалықтар