Женевада Түркиядағы инвестиция мүмкіндіктері талқыланды

Женева Бас консулы Ипек Зейтиноғлу Өзкан  «Біз түрік нарығының артықшылықтарын швейцариялық инвесторларға  таныстырудың маңызды екенін  ойлаймыз» деді.

2103479
Женевада Түркиядағы инвестиция мүмкіндіктері талқыланды
isvicre market focus turkiye.jpg
isvicre market focus turkiye.jpg
isvicre market focus turkiye.jpg

Женевада өткен ««Нарық фокусы: Түркия» шарасында Түркиядағы инвестиция мүмкіндіктері талқыланды.

Швейцарияның Женева қаласында Түркияның Берн қаласындағы Елшілігі, Женева Бас консулдығы, Түркия президенттігінің Инвестиция кеңсесі мен Женева Сауда және өнеркәсіп палатасының серіктестігімен Түркиядағы инвестиция мүмкіндіктері талқыланған «Нарық фокусы: Түркия» атты шара өтті.

Женева Сауда-өнеркәсіп палатасында өткен шарада сөз сөйлеген Түркияның Швейцариядағы өкілетті және төтенше елшісі  Емине Еже Өзбайоғлу Аджарсой Түркияның өз аймағындағы шетелдік инвестицияның жетекші орталықтарының бірі екенін және отандық және шетелдік инвесторлардың Түркия тарапынан әрқашан  қолдау көрсетілгенін түсіндірді

Женева Бас консулы Ипек Зейтиноғлу Өзкан да  «Біз түрік нарығының артықшылықтарын швейцариялық инвесторларға  таныстырудың маңызды екенін  ойлаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар