АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен Шимшекпен кездесті

Джанет Йеллен Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек және Түркия Республикасы Орталық банкінің төрағасы Фатих Караханмен кездесті.

2108904
АҚШ Қаржы министрі Джанет Йеллен Шимшекпен кездесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Қаржы министрі Джанет Йеллен G20 жиналыстары аясында Қазына және қаржы министрі Мехмет Шимшек және Түркия Республикасы Орталық банкінің төрағасы Фатих Караханмен кездесті.

АҚШ Қаржы министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Джанет Йеллен Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен G20 қаржы министрлері мен орталық банк басшылары жиналысы аясында Шимшек және Караханмен кездесті.

Кездесуде екіжақты қарым-қатынастардың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар Түркия мен АҚШ-тың маңызды аймақтық мәселелерді шешуде, соның ішінде ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күресу және осы тұрғыда санкцияларды жүзеге асыру үшін қалай бірлесіп жұмыс істей алатыны талқыланды.

Йеллен мәлімдемесінде «Министр Мехмет Шимшекпен Түркия мен АҚШ-тың маңызды аймақтық мәселелерді шешу үшін қалай бірге жұмыс істей алатынын талқыладым. Сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарымыздың маңыздылығына тоқталдым» деді.



Ұқсас жаңалықтар