Түркия өткен жылы 146 елге кофе экспорттады

Экспорттан түскен табыс 57 миллион 491 мың 128 доллар болды.

2113834
Түркия өткен жылы 146 елге кофе экспорттады

Түркия өткен жылы 146 елге 8 мың 652 тонна кофе экспорттап, 57 миллион 491 мың 128 доллар табыс тапты.

Түркия Статистика Институтының  деректеріне қарағанда, өткен жылы бүкіл әлемге 8 мың 652 тонна кофе сатылды.

Сөз болып отырған экспорттан түскен табыс 57 миллион 491 мың 128 доллар болды.

Түркиядан экспортталатын кофеге ең көп сұраныс көрсеткен ел Сирия болды. Өткен жылы бұл елге 10 миллион 470 мың 784 долларлық кофе жөнелтілді.

Сириядан кейін 8 миллион 532 мың 753 доллармен Беларусь және 6 миллион 576 мың 522 доллармен Ресей келеді.

Америка Құрама Штаттары, Нидерланды, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Сауд Арабиясы және Ұлыбритания - кофе экспорты қарқынды болған басқа елдер.



Ұқсас жаңалықтар