Жылдың бірінші тоқсанында 57 уәлаятта экспорт артты
Уәлаяттар бойынша экспорт чемпионы тағы да Стамбул.
Түркияның экспорты артып келеді.
Наурыз айында экспорт 22 миллиард 578 миллион долларды құрады. Бұл тарихтағы наурыздың 3-ші ең жоғары көрсеткіші ретінде тіркелді.
Жылдың бірінші тоқсанында 57 уәлаятта экспорт өсті.
Сауда министрлігі экспорт деректерін уәлаяттар негізінде жариялады. Уәлаяттар бойынша экспорт чемпионы тағы да Стамбул.
Ірі қала 4 миллиард 410 миллион долларлық сыртқы саудамен бірінші орында тұр. Стамбулдан кейін 3 миллиард 40 миллион доллармен Кожаелі келеді. Измирден 2 миллиард 255 миллион доллар, Бурсадан 1 миллиард 636 миллион доллар экспорт жасалды.
Бас қала Анкараның экспорты 1 миллиард 25 миллион долларға жетті.
Экспорттағы ең жоғары өсім Чорумда болды. Наурызда өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 187 миллион доллармен экспортта ең жоғары өсім байқалған уәлаят Чорум болды.
Ұқсас жаңалықтар
Стамбулда аккумулятор шығаратын зауыт ашылды
Стамбулда аккумулятор шығаратын зауытты Өнеркәсіп және технология министрі Мехмет Фатих Кажыр ашты.