Қазақстан ДСҰ-ға мүше болады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңына дейін елінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді аяқтайтынын мәлімдеді.

250981
Қазақстан ДСҰ-ға мүше болады

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың соңына дейін елінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді аяқтайтынын мәлімдеді.
Ол бұл туралы Қазақстанда өтіп жатқан Азия даму банкінің жыл сайын өтетін кезекті жиынының ашылуында айтты.
Назарбаев Қазақстанның жан-жақты экономика саясатына назар аудара келе «2010 жылдан бері Ресей және Белоруссиямен кеден одағындамыз, бір жағынан Дүниежүзілік сауда ұйымымен үдерісін аяқтауға жақынбыз. Биыл ұйымның толыққанды мүшесі боламыз деген сенім бар» деді.
Әлемдік банктің сараптамасына қарағанда, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы үшін жүргізілген келіссөз алға жылжыды. ДСҰ мен Қазақстан арасында инвестиция және мемлекеттік тендер жүйесі, кеден тарифтері, импорт лицензиясы заңнамасы мен авторлық құқықтың қорғалуы тақырыптарындағы екі жақты келіссөздің алдағы айларда аяқталуы көзделіп отыр.
Әлемдік банктің ойынша, Қазақстан ұйымға мүше болған жағдайда, Еуразия кеден одағы тарифтерімен жүргізілген импорт пен экспорт салықтарының құрылымы өзгеруі мүмкін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар