Бүгін Қазақстанда 25 қазан Республика күні тойланып жатыр

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын құттықтады.

2055481
Бүгін Қазақстанда 25 қазан Республика күні тойланып жатыр

 

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы болған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды.

Мерекеге орай Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқын құттықтады. Тоқаев халықты егемендікті қорғауға, елдегі тыныштық пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге күш салуға шақырды.

Республика күніне орай Ақордада салтанатты шара өтіп, көптеген мемлекеттік қызметкерлер мен ғалымдар, өнер қайраткерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Салтанатты шарада сөйлеген сөзінде Тоқаев 33 жыл бұрын тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған «егемендік туралы декларацияны» қабылдағандарын еске салды. Тоқаев сол кезде декларацияны қабылдау оңай болмағанын және елінің этникалық және демографиялық құрылымы күрделі болғанын мәлімдеді.

Президент осынау қиын жолда ел дамуына үлес қосқандарды ұмытпау керектігін қадап айтты. Ол Қазақстанның нығаюына үлес қосқан тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөліне назар аударды.

Сондай-ақ елдегі тәртіпті сақтаудың маңыздылығына тоқталып, «Заңға қайшы келетін, қоғамды жікке бөлетін, еліміздің тұрақтылығына нұқсан келтіретін кез келген сөз бен әрекеттің жолын кесеміз» деді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар