Қазақстанда Юнус Эмренің ескерткіші ашылды

Астанадағы Ататүрік саябағында «Юнус Эмре ескерткішінің» ашылу салтанаты өтті.

2056373
Қазақстанда  Юнус Эмренің ескерткіші ашылды

Қазақстанда түрік поэзиясының атасы Юнус Эмренің ескерткіші ашылды.

Республиканың 100 жылдығына орай ашылған ескерткіш Қазақстанның бас қаласы Астанадағы Ататүрік саябағында орналасқан.

Ескерткіш Түркияның Қазақстандағы елшілігінің, Түрік әлемі муниципалитеттер одағы мен Астана әкімдігінің бірлескен жобасы ретінде ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Түркияның Қазақстандағы Елшісі, түрік ұйымдарының өкілдері, қазақстандық депутаттар, мемлекеттік органдардың өкілдері және көптеген қонақтар қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген түрік елшісі Мұстафа Капуджу мұндай іс-шаралардың екі бауырлас елдің тарихи-мәдени ортақ тамырын есте сақтау және бүгінгі мәдени байланыстарын жалғастыру үшін маңызды екенін айтты. «13-14-ғасырда Анадолыда өмір сүрген түрік поэзиясының атасы, сопы, ақын және гуманист Юнус Эмре «Жаратушы үшін жаратылғанды ​​сүюді» өмірдің басты мақсаты қылды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар