29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады
Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазан күнін Жалпыұлттық аза тұту күні ретінде жариялады.
Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан кеншілердің отбасыларымен және туған-туыстарымен кездескен президент кеншілердің жақындарына көңіл айтты.
Президент апаттың мән-жайын анықтау, кеншілерді құтқару және зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасыларына шұғыл көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. Ол ертең яғни 29 қазанды елде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын айтты.
Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілер саны 21-ге жетті, 23 кенші әлі де жер астында.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.