Шахта апатында қаза тапқандар саны артты
Президент Тоқаев оқиға болған Қарағанды облысында марқұм кеншілердің отбасыларымен кездесіп, оларға көңіл айтты.
Қазақстанда көмір шахтасындағы өрттен қаза тапқандар саны 32-ге жетті.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Арселор Миттал Теміртау» кен өндіру кәсіпорны басқаратын шахтада қаза тапқан кеншілердің саны 32-ге жетті. 14 кеншіні іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оқиға болған Қарағанды облысында марқұм кеншілердің отбасыларымен кездесіп, оларға көңіл айтты.
29 қазанның жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланғанын білдірген Тоқаев үкіметке кенішті басқаратын «Арселор Миттал Теміртау» компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырып, жаңа басшы тағайындағанын мәлімдеді. Тоқаев қаза тапқандар мен зардап шеккен кеншілердің отбасыларына барлық қолдау көрсетілетінін айтты.
Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» кен өндіру кәсіпорнына қарасты 700 метр тереңдіктегі Костенко шахтасында түнде өрт шыққан еді. Шахтадағы 252 жұмысшының 206-сы шығарылып, 22-нің мәйіті табылып, қалған 24 кеншіні іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланған болатын.
Бас прокуратура да оқиғаға қатысты алдын ала тергеуді бастағанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.