Түркі әлемі археология зерттеу институты мен орталықтары одағы ARICA құрылды

Самарқанд қаласында Түркі әлемі археология зерттеу институты мен орталықтарының басшыларының бірінші жиналысы болып өтті.

2063110
Түркі әлемі археология зерттеу институты мен орталықтары одағы ARICA құрылды
ARICA.jpg
ARICA1.jpg
Volga-Ural Bolgesi Arkeolojisi.jpg

Түрік академиясы құрамында Түркі әлемі археология зерттеу институты мен орталықтары одағы ARICA құрылды.

Түркі мемлекеттері ұйымы секретариатының қолдауымен 9-10 қараша күндері аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында Түркі әлемі археология зерттеу институты мен орталықтарының басшыларының бірінші жиналысы болып өтті.

Жиынға Түрік академиясы төрағасы Шахин Мұстафаев, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Ресейге қарасты Татарстан Республикасы, Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасы және Моңғолстаннан археологиялық зерттеу институттары мен орталықтарының басшылары,  археологтар мен мамандас қатысты.

Жиналыстың беташар сөзінде Түрік академиясы төрағасы Мұстафаев түрік елдерінде археологиялық зерттеулерді үйлестіру және мәселелерді бірге шешу үшін түрік әлемінде одақ қалыптастырудың маңызын атап көрсетті.

Жиналыс аяғында қатысушылар Түркі әлемі археология зерттеу институты мен орталықтары одағының құрылуына байланысты хаттамаға қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар