Қазақстанда антитеррорлық операция

Үш қалада 12 адам ұсталды.

2065241
Қазақстанда антитеррорлық операция

Қазақстанда  үш қалада лаңкестікке қарсы операция жүргізілді.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген шараның нәтижесінде «мемлекеттік тәртіпке  қарсы әрекет жасады және заңсыз радикалды ұйымға қатысы бар» деген 12 адам ұсталды.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі соңғы антитеррорлық операция туралы мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге сәйкес Астана, Атырау және Жезқазған қалаларында «мемлекеттік тәртіпке қарсы әрекетпен айналысты және заңсыз радикалды ұйымға қатысы бар» деген 12 адам ұсталды.

Аты-жөні мен ұлты жарияланбаған күдіктілердің үйлерінде жүргізілген тінту барысында заңсыз басылымдар тәркіленді. Ұсталғандардың кейбірінің полиция қызметкерін өлтіру, тонау, бопсалау, ұрлық және зорлау сияқты қылмыстары үшін сотты болғаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар