"Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді"

Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне сұхбат берді.

2084269
"Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді"

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік сайлауға қайта қатысу үшін конституцияға өзгерістер енгізеді деген қауесетті жоққа шығарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында  «2026 жылы өтетін президенттік сайлауға қайта қатысады» деген қауесетті «жалған ақпарат» деп бағалады.

«Президент лауазымына бір-ақ рет сайлану туралы ереже енді ешқашан өзгермейді. Бұл талап мемлекетіміздің тәуелсіздігі, біртұтастығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны туралы нормалар сияқты мызғымастай етіп бекітілген” деді ол.



Ұқсас жаңалықтар