Қазақстан мен Өзбекстан ортақ сауда көлемін арттырады

Қазақстан Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ташкентте кездесу өткізді.

2085798
Қазақстан мен Өзбекстан ортақ сауда көлемін арттырады

 

Қазақстан Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Ташкентте Өзбекстан Инвестиция, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратовпен кездесті.

Қазақстан Сауда министрі мемлекет басшыларының бауырлас елдер арасындағы сауда көлемін екі есе арттырып, 10 миллиард долларға көтеру уағдаластықтарын орындау туралы айтты.

Кездесуден кейін алдағы уақытта бірлескен өнім тізімінің жасалатыны және екі ел бірге қалыптастырған  “UzKazTrade” компаниясы арқылы ынтымақтастықтың арттырылатыны атап көрсетілді. Келісімге қарағанда, Өзбекстаннан Қазақстанға жеміс-жидекпен бірге текстиль өнімдері жеткізіледі. Қазақстаннан болса май мен темір металлургиясы өнімдері қамтамасыз етіледі.

 



Ұқсас жаңалықтар