Астанада боран
Көлік жүргізушілері жолда қиыншылық шекті.
Қазақстанның бас қаласы Астанада қатты боран салдарынан көлік қатынасы қиындады.
Күні бойы жауған қар Астанада тұрмысқа кері әсерін тигізді.
Боран салдарынан жаяу жүргіншілер қиналып, көлік жүргізушілері де көру мүмкіндігінің төмендеуіне байланысты жолда қиыншылық шекті.
Қалада қар тазалау жұмыстары жалғасуда.
Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайының өкілдері кейбір рейстер кейінге шегерілуі мүмкін екенін хабарлады.
Елдің 7 аймағында қолайсыз ауа райына байланысты қалааралық жолдар көлік қозғалысына жабылып қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонда сөйлесті
Әңгіме барысында Түркия-Қазақстан қарым-қатынастары, аймақтық және жаһандық мәселелер талқыланды.
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.